
Алматыда кішігірім бұзақылық жасаған 700-ге жуық азамат айыбын айрықша әдіспен өтеді. Прокурорлар оларға кісен орнына сыпыртқы ұстатып саябақтарды тазалатты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Жазаға тартудың мұндай тәсілі елімізге жаңадан енген екен. Яғни, шылымның тұқылын көшеге тастап үйренгендер енді өздері сол қоқысты теріп жүр. Абақтыға жабуға келмейтін мұндай тентектердің айыппұл төлеуге де қаржысы жоқ. Сол себепті де, кем дегенде 300 сағат саябақтар мен арықтарды тазартып, кінәсін жуып-шаюы тиіс.
Жанат Бақыт, Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы:
-694 адам жауапкершілікке тартылса, солардың барлығы дерлік қоғамдық жұмысқа жегілді. Яғни, саябақтарды, көшелерді қоқыстардан тазартты. Әрине, мұның барлығы прокурорлардың қадағалауымен іске асты. Нәтижесінде, мемлекеттен бөлінетін қаржы едәуір үнемделді. Әрі қарай да бұл жұмыс іске асады.