jasqazaq.kz

Көрген қорлығы игілікке айналды (видео)

01 мамыр 2017, 15:20

Сауд Арабиясының билігі мен банк әкімшілігі жазықсыз жапа шеккен бойжеткеннің жағына шығып, оған қолдау көрсетті.

Тарқатып айтсақ, қасиетті Мекке қаласындағы бас мешіттің маңында шемішке сатып тұрған Сайда Мажрашиге жүргіншілердің бірі ел көзінше тіл тигізіп, жұдырық жұмсаған болатын. Мешіт маңында сауда жасағаны үшін.

Әйел басымен әкесіндей ер адамнан қорлық көрген Сайда ешуақытта мектеп табалдырығын аттамаған хат танымайтын, тіпті, әкесі түрмеде отырғандықтан туу туралы куәлігін рәсімдемеген, тек жайма базарда ұсақ-түйек сатып күнін көріп жүрген әйел.

Бұл оқыс оқиғаны куәгерлердің бірі таспаға тартып алып, ғаламторға жүктеген екен. Әлеуметтік желіде ер адамның әрекетіне наразылық білдіргендер қарасы көп болды.

Сайдаға қорлық көрсеткен ер адамға тәртіп сақшылары іздеу жариялады. Ол ол ма, бұл іске Мекке қаласы басшысы, ханзада Халид әл-Файсалдың өзі араласты.

Бұл жайында GulfNews ақпарат көзі хабар таратты. Жергілікті билік Сайданың құжаттарын жасатып, мектепте оқуына жағдай жасауға пәрмен берді.

Ал осы қаладағы Social Development Bank қаржы мекемесінің жетекшісі Абдулла әл-Гамди оның отбасына қандай бизнес түрімен айналысамын десе де, инвестиция құятынына уәде етті. Көру мүмкіндігі шектеулі ағасына аталған банк емделуіне қаржы бөлді.

https://youtu.be/hS5ijLvTkvE

 

alashainasy.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде