jasqazaq.kz

Көпір аркасына шыққандар айыппұл төлейді

06 қазан 2016, 16:50

photo_30050

Астанада көпір аркасына шығып алғандарға айыппұл салынды.

«3 қазанда шамамен сағат 20.30-да Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығының 102 пультіне белгісіз азаматтардың Қабанбай батыр көшесінде орналасқан автокөлік көпірінің аркасына шығып алғаны жайлы хабарлама келіп түсті», — деп хабарлады жергілікті полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына автопатруль барды. Астана қаласының 1988 жылғы және 1995 жылғы тұрғындары ұсталды. Азаматтардан жауап алу кезінде олар аркага шығу себебін қала көрінісін жоғарыдан көргісі келгендерімен түсіндірген.

«Ер адамдардың бұл әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни ұсақ бұзақылық ретінде тіркелді. Ереже бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. 28 жастағы және 21 жастағы азаматқа 10 айлық есептік көрсеткіш ретінде (21 210 теңге) айыппұл салынды», — деді жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде