jasqazaq.kz

Күнгейден — Терістікке: 900-ден аса отбасы солтүстікке қоныс аударды

12 шiлде 2016, 17:00

20160711200812

Еңбек күші тым көп оңтүстік өңірдің тұрғындары еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аудару бағдарламасына қызығушылық танытып отыр. Мұндай мәлімдемені Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қатысты өткен кеңес барысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев жасады

«Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек күші жетіспейтін аудандарында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өткізілуде. Соңғы рет мұндай кездесуге оңтүстік Қазақстанның еңбек күші мол аудандарынан үш мыңнан астам тұрғын қатысты. Халықтың қоныс аударуға деген қызығушылығы зор», — деп атап өтті ол.

Малаевтың айтуынша, 900 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген жағдайда солтүстік өңірге қоныс аударуға тілек білдірген. Бұған дейін 79 отбасы СҚО-ға қоныс аударып, тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған.

Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов азаматтардың еңбек күші жетіспейтін аймақтарға қоныс аударуы — еліміз үшін маңызды үрдіс екенін атап өтті.

«Осыған байланысты бағдарламаның жүзеге асырылуы жалғасады. Аталған мәселе бойынша Үкіметтің жеке отырысы өтеді», — деп қорытындылады премьер-министр.

serke.org

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде