Ақтөбедегі тасқын судың салдарынан Тұрғангүл Ешімова жалғыз баспанасынан айырылды. Оның айтуы бойынша күйеуі науқас. Әлі қираған үйінің түрін көрмепті. 4 сынып оқитын кіші қызы үйімен қоса мектеп формасынан да айрылғандығын жылап жеткізді.