jasqazaq.kz

«Көмбе нанның дәмі» – ащы шындықтың дәмі

17 наурыз 2017, 21:01

17 наурыз күні киелі шаңырақ М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында авторы Мәдина Омарова, режиссері Алма Кәкішеваның «Көмбе нанның дәмі» атты драмасының премьерасы өтті. Сонау соғыс жылдарындағы, тылда қалған халықтың басындағы нәубет заманды суреттейтін шығарма сол ызғарлы жылдың аязын сезіндірді. Көре отырып кейіпкерлермен бірге қайғырып, бірде қуанып неше түрлі сезімді бастан кештік. Қойылым жеңіл әрі түсінікті. Оқиғалар желісі де шебер құрылған. Сонымен қатар сахналық декорациясы да шебер жасалған.

Шыны керек Мәдина Омарованың бұған дейін «Ақтастағы Ахико шығармасын көрген болатынмын. Ол да тарихи тақырып. Бүгінгі қозғаған тақырыбы тарих беттерінің өшпес бедері. Өз ойым қойылым шынайылығымен көрермендерін сендіре білді. Әсіресе әр рөліне шеберлікпен бойлайтын Б.Қаптағай, Ш.Асқарова, Д.Жүсіп, З. Көпжасарова, Г. Жақыпова сынды өнер майталмандарының ойыны жүрекке жетті. Жас актерлар мен актрисалардың да қадамы қуантты. Ел мен елдің қиын қыстау уақытта бір-бірімен етене араласуы, ұлтымыздың қонақжай қасиеті, сезім мен сатқындық, жалынды махаббат барлығы осы шығармады бар.

Мақпал Ноғайбаева

jasqazaq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде