jasqazaq.kz

Көлікті мас күйінде тізгіндеген полицей таксимен соқтығысты

20 ақпан 2017, 17:14

Семейде полиция қызметкері мас күйінде рөлге отырып, жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан бір адам мерт болды, ал полицей қамауға алынды.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, болған жол апатын қала тұрғындары әлеуметтік желіде талқылап жатыр. «Мас полицей бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, менің қызымның сыныптастары отырған таксиге барып соғылған. 25 жастағы жігіт көз жұмды, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр», — деп жазыпты Семей тұрғыны.

Оқиға 18 ақпанда түнгі үште қала орталығында болған. Абай көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысында Toyota бес жолаушы отырған көлікке бетпе-бет соғылған. Бес адам да жарақат алып, бірі ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

«Иә, жол апатына полиция қызметкері себеп болды. Сараптама жол апаты кезінде оның мас болғанын көрсетті. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына жабылды. Соталды тергеу жүріп жатыр», — дейді ІІБ өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде