jasqazaq.kz

Көлік жарығын қоспаған жүргізушілерге ескерту ғана жасалады

28 сәуiр 2017, 12:56

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұраққа көлікті қойып кеткендер үшін де айыппұл төмендейді. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.

«Құқықтық саясат кеңесіндегі талқылау барысында ізгілендіру аясында барлық баптарды зерттеп шығу шаралары ескерілді, оның ішінде жолдағы көлік қозғалысы баптары қамтылып отыр. Бүгінде Әділет министрлігімен бірлесе 14 бап бойынша жауапкершілікті жеңілдету туралы айқындадық»,-деді комитет төрағасы Осы орайда ол Ішкі істер министрлігі жол апаттылығы мен қауіпсіздік жағдайына тікелей әсер ететін ереже бұзушылықтарға айыппұл деңгейін төмендетуге қарсы екенін жеткізді. «Мәселен, жол қиылысында тоқтайтын сызықтан көктайғақ салдарынан немесе байқамай 1 метрге асып кетсе, айыппұлды 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұраққа көлікті қойып кеткендер үшін де айыппұл айтарлықтай азайтылады. Сонымен қатар көліктің жарығын қоспай жүргені үшін бірінші рет ұсталса, онда тек ескерту жасалады. Ал екінші рет осы себеппен тоқтатылса, онда 5-тен 3 АЕК-ке айыппұл төмендетіледі. Яғни, жолдағы апаттылыққа тікелей ықпал етпейтін баптар бойынша санкцияларды жеңілдету қадамына барып жатырмыз»,-деді И. Лепеха. Сөз соңында ол аталған баптар бойынша нақты шешім қабылданатындығына сенім білдірді.

ҚазАқпарат

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді