
Көлік жүретін жолда екі жігіт сырғанақ тепкен сәт түсірілген видео желіге тарап кетті. Роликте екі өжет жігіт әрекеттерінің адам өміріне қауіпті екеніне қарамастан, жолда сырғанақ теуіп жүр.
ҚазАқпарат хабарлағандай, Олар шанасын көлікке байлап олған. Бір-бірінің қолынан ұстаған олар адреналинді бір көтерейік деп шешкен сыңайлы. Көлік жолда маневр жасап, жылдамдықты асырғаны байқалады. Жандарынан басқа көліктер зуылдап өтіп жатыр. Сырғанақ көліктің шұғыл бұрылып, жолаушылардың жол үстіне құлауымен аяқталды. «Оқиғаның одан әрі қалай болғаны белгісіз, — деп жазды «Мой город». Олар алғашқы қарды қызықтап қалғысы келген болу керек. Атырауда қар жылдам еріп кетуі мүмкін. Жол патрульдік полиция бұған қалай қарайтыны әзірге белгісіз».
https://www.instagram.com/p/BM_vBz8BNvn/?taken-by=zello_atyrau