jasqazaq.kz

Көлік тонаған бұзақылар қолға түсті

04 қантар 2017, 20:17

Көкшетауда 10-нан астам көлікті тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметі бойынша 2016 жылдың 27 желтоқсанында Көкшетау қалалық Ішкі істер басқармасына 33 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының сөзіне қарағанда, сол күні түнде белгісіз біреулер оның «Мазда» көлігінің терезесін сындырып, «Пионер» автомагнитоласын үптеп кеткен. Кейін көлік иесі полицияның көмегіне жүгінеді. Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары араға төрт күн салып, 21 және 19 жастағы күдіктілерді қолға түсіреді. «Күдіктілердің екеуі де осындай қылмыстары үшін бұрын сотты болған. Қазіргі кезде, олардан түсініктеме алынып, үстерінен ҚР ҚК 188-бабының 2- бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары барысында күдіктілердің 10-нан астам көлікті тонағаны әшкерлендіп», деп мәлім етті полицейлер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде