jasqazaq.kz

Көлік салығын төлемегені үшін қамауға алынды

22 желтоқсан 2016, 14:12

Алматыда көлік үшін салық мөлшері жарты миллион теңгеден асқан автомобиль иесі екі күнге қамауға алынды, — деп хабарлайды Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметі.

Tengrienws.kz хабарлағандай, оған қарызын өтеу қажеттігі туралы хабарлама жіберілген, банк есепшоттарындағы операциялар да тоқтатылған, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға да тыйым салынған. «Алайда ол мемлекетке қарызын өтеуді сонда да қолға алмады. Осы орайда сот орындаушысы сотқа жүгінген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2016 жылы 18 қарашада Е. Әкімжановті әкімшілік құқық бұзды және 2 тәулікке қамау арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы керек», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Жалпы, Медеу ауданы бойынша қарызын өтемегендер саны 9 540 адам екен. «Егер жақын күндері олар қарызын өтемейтін болса, олардың ісі сотқа жіберіледі. Себебі жеке адамдардың қарыздары салық құпиясы болып саналмайды және қарыз адамдардың есімі 4 қаңтарда БАҚ беттерінде жарияланады. Қарыз адамдар қатарында Қазақстанның атақты адамдары, мемлекеттік қызметкерлер де бар. Еске салайық, көлік үшін салық төлеу мерзімі жеке адамдар үшін 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады», — деді ведомстводағылар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде