Вирджиния штатының тұрғыны Ник Стаффод екі автокөлік сатып, салығын бес арбаға тиелген тиынмен төлеген. 300 мың тиынның жалпы салмағы 725 келі.

Ник Стаффодтың бұл оқиғасы өткен жылдың қыркүйегінде басталған. Көлік құралдары департаментіне ұлының көлігін тіркеу туралы сұрақпен жүгінген. Бірақ Лебанон қаласындағы ұйымның нөмірін таба алмаған. Оның соққан қоңыраулары Ричмонд қаласындағы колл-орталыққа бағыттала берген. Ол ақыр соңында мекемінің нөмірін сот арқылы біледі.
Нәтижесінде шенеуніктер тікелей байланысқа шығатын нөмірдің тек қызметтік мақсатта пайдаланылатынын айтады. Шенеуніктердің шалағайлығына ыза болған Ник Стаффод осылай салығын тиынмен төлеп оларға ыңғайсыздық тудырмақ болыпты.

Соңында, салыққа үш мың доллар, сот ісіне мың доллар, тиын таситын арбаға 400 доллар, тиындарды қағаз қапшыққа салуға және мемлекеттік мекемеге жеткізуге көмектескен адамдарға 440 доллар жұмсаған.
Дереккөз: autonews.autoua.net