jasqazaq.kz

Көкшетаулық кәсіпкерлер мешіттің еденін жууып жүрген 7 баланың анасына үй сыйламақшы

10 мамыр 2017, 19:56

Көкшетаулық кәсіпкерлер ақша жинап, мешіттің еденін жуушы әйелге жаңа үй салып бермекші. Бұған дейін бас имам аталған жұмысшыға қымбат шетелдік көлікті сыйға тартқан болатын. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Жергілікті БАҚ өкілдері хабарлағандай, Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин Астанаға қызметін ауыстыруына байланысты оған кәсіпкерлер Toyota Camry көлігін сыйға тартқан екен. Алайда, имам көлікті өзіне алмай, сол мешіттің еден жуушы әйеліне беруді ұйғарыпты. Қыдырмин көпбалалы анаға автокөлікті сатып, ақшасына жаңа үй алуға да кеңес берген.

Мешіттің баспасөз хатшысы Бақыт Смағұлдың айтуынша, имамның осынау сауапты ісінен сабақ алған кәсіпкерлер жұмысшы әйелдің үйіне ақшаны енді өздері жинап бермекші екен.

«Ол әйел жеті баланы жалғыз өзі асырап отыр. Күйеуі бірнеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Ол да көзі тірісінде кәсіпкер болған. Алайда, қайтыс болғаннан кейін оның отбасы дымсыз далада қалды. Біз олардың қала іргесінде жер телімі бар екенін білдік. Енді қазір әйелге пәтер сатып алу керек пе, әлде сол жерге жаңа үй тұрғызып беру керек пе деп сұрап отырмыз. Жауабын айтқан соң шешім қабылдаймыз», — дейді Б.Смағұл.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде