jasqazaq.kz

Көкшетау кафесінде аспаздар есірткі сатыпты

16 қараша 2016, 12:57

photo_31558

 

 

 

 

 

 

Көкшетауда екі аспаз жұмыс орнында марихуана сатқаны үшін ұсталды.

Tengrinews.kz хабарлағандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне екі жас жігіттің көңіл көтеру орталығында есірткі өнімдерін өткізумен айналысқан деген хабар түскен. Жедел әрекет ету барысында бұл мәлімет расталды. 15 қарашада өздерінің жұмыс орнында 22 және 23 жастағы жігіттер ұсталды. Дереккөз мәліметінше олар суши-барда жұмыс істеген.

Полицейлер екі рет есірткі өнімдерін өткізу дерегін анықтаған, марихуананың жалпы мөлшері 11 грамды құраған. Бір күдікті ас бөлмесінде ұсталған, ал екіншісі қашып кетіп дәретханаға тығылып есірткінің көзін жоймақ болған. Алайда есірткі оралған қағаз қоқыс жәшігінен табылған.

Тұрғылықты мекен-жайы бойнша тінту шаралары барысында тағы да бір есірткі оралған қағаз табылған. «Қазіргі уақытта екі аспазға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша жүргізіліп жатыр». Ұсталған екі азамат та уақытша қамау изоляторына жабылған. Санкция бойынша екеуі бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді облыстық ІІД-нің өкілдері.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бар қожайынын әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде