jasqazaq.kz

Күйеу жігіт тойға келмеген қонақтарды сотқа берді

29 наурыз 2017, 15:20

Әзірбайжанда күйеу жігіт тойға келмеген қонақтарды оларға әзірленген мейрамханадағы орындардың барлығын өзі төлегені үшін сотқа бергенін glavnoe.ua сайты жазды.

Әзірбайжан халқының салты бойынша тойға шақырылған қонақтар ақшалай сыйлықтар әкеліп, тойға жалданған мейрамхананың шығынын жабуға тиіс.

Жақында өзінің тойын тойлаған әзірбайжандық азамат некелесу қуанышына орай мейрамханаға келмеген 15 адамды сотқа берген. Ол өзінің арызында 865 доллар көлемінде төлемақы төлеулерін талап етеді. Той иесі мейрамханаға келмеген қонақтардың орындарын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болғанын алға тартыпты.

Әзірбайжан халқының салты бойынша тойға келген қонақтар тойға арналған мейрамхананың шығынын толықтай жабуы тиіс. Оның ішіне дастархан мәзірі де кіреді. Некелесу қуанышына қонақтарының келмей қалуы себепті, жас жігіт қиын жағдайға тап болған. Арызданушының айтуынша, ол өзін шақырған тойдан қалмайды. Қалтасында ақша болмай бара жатса, қарызданып болсын баруға тырысатынын айтып салды.

NUR.KZ хабарлағандай, сот өз тарапынан арызданушының бұл арызын қабылдай алмады. Себебі, тойға арналған мейрамхананы қонақтардың жабуы тек қана салт болып табылады. Ал заңда жастарға бұндай жайттар қарастырылмаған. Сондықтан, тойға келмеген қауымға қатысты шара қолдану мүмкін болып табылмады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде