
Еш себепсіз 4 адамды жаралаған Алмас Мұсахан енді 13 жылын түрмеде өткізеді.
Оқиға былтыр тамыз айында Түркістанда болған. Достарымен серуенге шыққан 22 жастағы жігіт көлік ішінен жол бойында тұрған топқа қарай оқ жаудырыпты. Тергеу кезінде бұл әрекетке іші пысқан соң барғанын айтқан. ktk.kz хабарлағандай, еріккен сотқардың әрекетінен 3 адам жеңіл жарақат алса, бытырадан ауыр жарақат алған тағы біреуі өлім аузынан қалыпты. 2015-ші жылы кісі тонағаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталған ол енді 13 жылға қатаң тәртіптегі колонияға жіберілді.