jasqazaq.kz

JolTap: Жұмыспен қамтуға жаңа мүмкіндік

28 мамыр 2024, 11:22

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, елімізде «JolTap» жобасы жүзеге асырылып жатыр. «JolTap» жобасы — азаматтарға табысын арттыру мүмкіндіктерін таңдауда көмектесуге және көмек көрсетуге бағытталған. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы мәлімдегендей, бүгінде жоба аясында Шымкентте 5 аудан аймағында «Баршаға мүмкіндік» консультациялық модульдық бекеттері іске қосылды.

Кезекті жоба аясында Қаратау ауданындағы Сайрам тұрғын алабы тұрғындарына ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын Өңір аралық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Әлібек Сманов, бас маман Бибігүл Алдабергенова және Отбасы банктің қаржылық кеңесшісі Аида Отыншина жүргізді.

« Жастардың дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарлама жан-жақты түсіндіріледі. Бұл біздің жастарға, әсіресе жас мамандарға алғашқы жұмыс орнын ұсынатын ауқымды жоба»,-деді Әлібек Сманов.

Түсіндірме жұмыстары барысында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Тұрғын үй» мен «Қайтарымсыз несие» бағдарламалары түсіндірілді.

Жоба аясында қазіргі таңда Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығы мен Мансап орталығының қызметкерлері бірлесе отыра, қала аумағында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын бастады.

Кезекті ақпараттандыру жұмыстары Нұрсәт шағын ауданында жүргізілді. Онда үй бағдарламалары, бизнес гранттары, әлеуметтік көмектер және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді.

«Joltap» жобасы аясында М. Тынышпаев атындағы КазАТК колледжінде бітіруші түлектерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарына Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары қатысты. Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және жастарға қатысты бағдарламалар жөнінде ақпараттар таныстырылды. Жоба жайлы жазылған ақпараттық парақшалар да таратылды.

Сондай-ақ қаламыздан шалғай орналасқан Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді мекенінің тұрғындарына жастардың жарқын болашаққа ұмтылуы мен жұмыспен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретін «Joltap» жобасы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарында қысқа мерзімді оқыту мен өзгеде жұмыс орындары жөнінде ақпараттар берілді. Айта кетейік, жоба — Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент Жастар ресурстық орталығы

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство