jasqazaq.kz

«JOLTAP» жобасы халыққа жол тартты

05 желтоқсан 2023, 10:44

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен іске қосылған «JOLTAP» жобасы мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады. Аталған жоба аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарламада тегін білім ала алады. Бірінші бағдарлама наубайшы, бариста, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші сияқты 5 жұмыс мамандығына оқытуға арналған.


Екінші бағдарлама – «Freelance Mumkindik», 7 цифрлық дағдыларды оқытуды ұсынады: таргетолог, SMM, бейнограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер (сайттарды әзірлеу).
«JOLTAP» жобасы аясында оқыту тегін. Оқу сыныптары жайлы және барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

Оқытушылардың әрқайсысы тек теориялық білімге ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығында практикалық тәжірибеге ие білікті мамандар. Оқу мерзімі бағдарламаға байланысты он күндік курстан бір жарым айға дейін созылады», — дейді «JOLTAP» жобасының өкілі Ділдәим Ерасыл.
Оның айтуынша қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін қолжетімді. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі. Қазіргі уақытта оқушылар арасындағы негізгі санат — 60%-дан астамы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз тұрғындар болып табылады.


«JOLTAP» жобасының мақсаты-халықтың табысының өсуі үшін мүмкіндіктерді таңдауға жәрдемдесу және көмек көрсету. «JOLTAP» жобасы аясында оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін қатысушылар әртүрлі мүмкіндіктерге ие болады. Мысалы, ресми жұмысқа орналасу. Үйден тапсырыс қабылдау арқылы фрилансерлік жұмыс. Қосымша дағдыларды кеңейту үшін оқуды жалғастыру мүмкіндігі. Қолда бар істі дамыту немесе микробизнесті ашу. «JUMYS TAP» Telegram-ботында түйіндемені тегін жылжыту.
Бүгінгі таңда «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша 4700 адам кеңес алып, әкімдікке көмек алу үшін өтінім жіберген. Бизнес ашу үшін грант пен микроқаржыландыру бағдарламарына қатысуға 850 адам өтінім жасаған. Модульдік пунктердің консультанттары тұрғын үй бағдарламалары, бизнесті қолдау, әлеуметтік көмек және еңбекпен қамту сұрақтары бойынша жан-жақты ақпарат береді.


Жобаның құралдары туралы қызығушылық танытқан барлық қала тұрғындары «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінен келесі мекенжайлар бойынша толық ақпаратты ала алады:
«Ailand» ОДО, Қорғалжын тас жолы, 2
«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26
«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34
«Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24
«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 24
«Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3
«Азия парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21
«Саянұр» базары Тілендиев даңғылы, 24/5
«Big Шанхай» базары, Алаш тас жолы, 32а

Ә.Смайылов

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс