jasqazaq.kz

Әйелімен жанжалдасып көліктерге пышақпен шабуылдады (видео)

27 ақпан 2017, 17:41

Бұл видео Maxima сауда-ойын орталығының аумағында түсірілген.

«Мен оны айналып өттім, себебі ол маған пышақпен ала жүгірді. Артынша 150-ші сериялы Land Cruiser Prado келді. Ол сол көлік жүріп бара жатқан жерінен пышақпен жүгіріп, онымен қоймай, өтіп бара жатқан көліктің барлығын тоқтатқан. Адамдарды қорқытып, көліктен шығуын талап еткен. Түрі ызалы болды. Қолындағы пышағы үлкен. Сол үшін жолда кептеліс пайда болды», — дейді куәгер. Tengrinews.kz хабарлағандай, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 34 жастағы ер адам ұсталып, Мақатаев көшесіндегі наркологиялық диспансерге жеткізілді. Себебі ол қатты мас болған. Ер адамның әйелімен жанжалдасқан соң, көшеге пышақпен шығып кеткені белгілі болды. Ол Райымбек көшесінде орналасқан үйлердің бірінде тұрады. Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты ешқандай арыз түспеді.

https://www.youtube.com/watch?v=hHNFdeJi6kM&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде