jasqazaq.kz

Әйелдер түрмесінде тігіншілер жарысы өтті

16 қыркүйек 2016, 1:21

«Үздік тігінші 2016». Шымкенттегі 167/4 әйелдер түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шеберлік байқауы өтті.

Облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен шара мақсаты — үздіктерді анықтау. Ең бастысы қазіргі уақытта мекемеде жолға қойылған кәсіпорынның жұмысымен таныстыру, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ғажапқа әрбір әйелдің жаны құмар. Мұны қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өткен үздік тігінші-шебер байқауынан байқауға болады. Тігіншілерге талап қатаң. 5 қатысушы 1 сағат ішінде полиция қызметкерінің көйлегін тігуі керек. Әділқазылар тек жылдамдықты ғана емес, сапаны да бағалайды.

Түзету мекемесінде бүгінгі таңда 50-ден астам адам 3 ауысымда қызмет етіп, жалақы алуда. Темір тордың арғы жағында тігін тігуден арнайы білімдерін жетілдіргендер кез келген тапсырысты қабылдауда. Сайысқа қатысқан жазасын өтеуші-тігіншілердің бесеуі 1 сағат ішінде полиция қызметкерлерінің көйлегін тікті. Жеңімпаздарды кәсіби тігіншілер анықтады.

Булкаш Касенова 10 жылға бас бостандығынан айрылған. 3 жылдан бері жазасын өтеп келе жатқан ол тігін өнерін осында жүріп үйреніпті. Кәсіби тігіншілердің қатарындағы келіншек бостандыққа шыққан соң осы сала бойынша кәсібін ашсам дейді. Еңбегі үшін жалақы алып отырған ол уақытты тиімді пайдалануыма бұл зор мүмкіндік болды деп отыр.

Түзету мекемесінде бүгінгі таңда 50-ден астам адам 3 ауысымда қызмет етеді. Жалақы 15 мың теңгеден 100 мың аралығыда. Темір тордың арғы жағында тігін тігуден арнайы білімдерін жетілдіргендер кез-келген тапсырысты қабылдауда. Ал бүгінгі байқау нәтижесі бойынша Екатерина Лапаева 1-орын жеңімпазы атанды.

Әділқазылар шешімі бойынша өзге қатысушылар екі 2-орын, екі 3-орынды өзара бөлісті. Енді халық арасында 31-түрме атауымен белгілі 167/3 түзету мекемесінде «Үздік шебер» облыстық байқауының 1-кезеңі өтеді.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде