
Австралиялық Fastbrick Robotics компаниясы бір сағат ішінде 1 мың кірпіш қалайтын Hadrian X құрылыс роботын жасап шығарды. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.
Өнертапқыштар роботтың арқасында үйді екі күнде салып бітіруге болатынын айтады. Hadrian X алыстан әрі биіктен тұрып қалайтын жебемен жабдықталған. Цемент орнына жабысқақ желім ерітінді қолданады, бұл жылудың саңылаудан кетіп қалмауына мүмкіндік береді.
Робот үйді 3D жобасымен орындалған алдын ала сызылған сызба бойынша тұрғызады. Ол сондай-ақ кірпіштерді қажетті қалыпқа келтіріп, сындырып қырын тегістеп алуға қабілетті.