jasqazaq.kz

“Изи”, “краш”, “вайб”. Сленг сөздер тілдік тренд пе, әлде әдеби нормадан ауытқу ма?

10 ақпан 2025, 14:08

Қазіргі таңда жастар арасында жиі қолданылатын “изи”, “краш”, “вайб” секілді сөздерді естіп жүрсіз бе? Бұл тіркестер – сленг, яғни жастардың қарым-қатынасында сәнге айналған әлеуметтік диалект. Лингвистердің зерттеуіне сүйенсек, мұндай бейресми сөздерді көбіне 13 пен 23 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер қолданады.

Алғашында сленг сөздер белгілі бір топтар арасында құпия ақпарат алмасу үшін қолданылған. Алайда бүгінде әлеуметтік желілердің ықпалымен кеңінен тарап, күнделікті сөйлеу мәнеріне сіңісіп кетті. Мысалы:
* «жиза» – өмірлік жағдай (орыс тіліндегі “жизнь” сөзінен)
* «краш, крашиха» – әдемі (орыс тіліндегі “красивый, красивая” сөзінен)
* «бро» – бауырым
* «родной» – досым
* «кринж» – ұятты жағдай
Ағылшын тілінің маманы Жарас Таубаевтың пікірінше, бұл – қалыпты құбылыс.
«Біз бұл процесті тоқтата алмаймыз. Қазіргі таңда жаһандану жүріп жатыр, ал сленг – жастардың өзара қарым-қатынасында қысқа әрі сенімді сөйлеу тәсілі. Мысалы, “Look” сөзі тек сыртқы келбетке ғана қатысты емес, адамның киімі, стилі, аксессуарлары – барлығын сипаттайды. Жастар бұл сөздерді қолдана береді, өйткені олардың мәдениеті мен ақпарат алу көздері өзгеше,» – дейді маман.
Сленг көбіне жастардың қызығушылықтары мен ақпараттық кеңістігіне байланысты қалыптасады. Сонымен қатар танымал тұлғалар қолданған жаңа сөздер де тез таралып, күнделікті тілге еніп кетеді.
Дегенмен тіл мамандары жастардың әдеби норманы сақтап, таза сөйлеу мәдениетін дамыту керектігін айтады.
«Жастар – біздің болашағымыз. Сол себепті олардың әдеби әрі таза қазақ тілінде сөйлеуі маңызды. Бұрын орыс тілі ықпал етсе, қазір ағылшын тілінің әсері байқалады. Қазақ тіліндегі бар сөздерді бұзыңқырап, әсіресе фразиологиялық бірліктерімізді, мақал-мәтелдерімізді басқаша бұзып сөйлеу — елдің ертеңі боламын деген қазақ жастарына жарасымды емес екенін білуіміз керек. Сондықтан жастар ана тілін құрметтеп, тіл тазалығына мән беруі тиіс,» – дейді филология ғылымдарының докторы Анар Салқымбай.
Сленг – заман ағымына сай пайда болатын құбылыс. Бірақ оның тілді байытуы немесе шұбарлауы әр адамның, әсіресе жастардың қолында.

Олжас Әбдіхалық

Фото: tilalemi.kz

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді