jasqazaq.kz

Іздеу жарияланған Абылай Ғабжәлелов қамауға алынды

03 ақпан 2017, 20:03

Іздеу жарияланған «Аралтұз» АҚ-ның директорлар кеңесінің экс-төрағасы Абылай Ғабжәлелов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бұған дейін кәсіпкер Абылай Ғабжәлеловке іздеу жарияланған. Ол осыдан екі күн бұрын ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды», — деді комитет баспасөз қызметіндегілер. Аталған комитеттің хабарлауынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс көмір тасымалында бюджетке салық төлемеуіне байланысты қозғалған. Нақтырақ айтқанда, 2011-2012 жылдары заң бұзылғаны анықталды. Еске сала кетейік, Абылай Ғабжәлеловке ҚР ҚК 222-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару), 193-баптың 3-тармағы (қылмыстық жолмен ақша аудару) бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан іздеу жарияланған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде