jasqazaq.kz

Итке бола кісі өлтірген азамат сотталды

04 қазан 2016, 11:22

 

c63651965544620bdc5c4f47171cecaf

Қарағанды облысында иті үшін кісі өлтірген азамат 14 жыл бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы облыстағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

Белгілі болғандай, итін адамнан артық көрген азамат алдында өз әйеліне қол салып, сотты болып келген екен.

Қарағанды облысында Р. есімді азаматтың өзімен бірге спирттік ішімдік ішіп, ащы судың буына еліткен Т.есімді жолдасы есік алдындағы итіне пышақ ала жүгіріп, мерт қылған. Бұған қатты ашуланған иттің иесі Т.есімді азаматтың мойны мен арқасын өткір затпен тоқтаусыз ұра берген. Көп ауыр соққы салдарынан қонақ сол арада тіл тартпай кеткен. Ол — Ресей Федерациясының азаматы болған.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты анықтағандай, ол алдында өз әйелін өлтіргені үшін сотталып, 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан екен. Ал енді ит үшін адам өлтіріп тағы 14 жылға сотталып отыр.

Судья оны қатаң режимдегі түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды.

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде