jasqazaq.kz

Италия халқының 22 пайызы Еуроодақтан шығуға дайын

29 шiлде 2016, 23:03

20160729223307

Италия халқының 22 пайызы Еуроодақтан шығуға дайын, деп хабарлады www.24.kz.

Бұған елдегі экономикалық ахуал түрткі болып отыр. Кедейлік кебін кигендердің қарасы қалыңдап, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Сенім мен үміттен күдер үзген бұл мемлекеттің азаматтары таяу болашақта оң өзгерістер күтпейді. «Италиялықтардың бүгінгі жағдайына Брюссельдің саясаты кінәлі», — дейді олар. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі осыған саяды. Статистика институтының соңғы мәліметтері көңіл көншітпейді. Италияда 4,5 млн адам кедейлік шегінен шыққан. Бұл жалпы халықтың 8%-ы.

Бүгінде ел азаматтары болашағы баянды, келешегі кемел болатынына күмәнданады. Елдегі бүгінгі экономикалық ахуал азаматтардың көңілін әбден суытты. Үрерге иті, сығарға биті жоқ нашар адамдардың саны артуда. Мінер атқа, ішер асқа зар болған жұрт еуропалық институттарға күмәнмен қарап отыр. Сандарды сөйлетсек, бес италиялықтың тек бірінде ғана Еурокомиссияға деген сенімі бар. Ал әрбір төртінші тұрғын Еуропарламентке сенеді. Халықтың 22%-ы Еуроодақтан біржола шығуға дайын. Тағы 8%-ы таңдау жасай алмай, сандалып жүр. Алайда сарапшылар Италия Одақтан шыға қоймас деген пікір айтуда.

«Еуропадан шықсақ не болады? Бір өзіміз қалсақ, біз бәсекеге қабілетті бола алмаймыз. Ал бұл бүгінгі қиындықтарды еңсеруге керек. Осы пікірмен көпшілік келісіп отыр. Әйтпесе жағдайымыз қиын болар еді», — дейді. Италия еңбек конфедерациясы Bruno Trentin қауымдастығының президенті Фульвио Фаммони.

Қазір Италияның Еуроодақтан шығуына кез-келген саяси қателік себеп болуы мүмкін. Мәселен жергілікті қаржы институттарын банкроттан аман алып қалу үшін салымшылар өз қаражатын банктердің пайдасына жаратуы тиіс. Ал бұл наразылық акцияларына тіпті үкіметтің тарауына әкеліп соғуы әбден мүмкін.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде