jasqazaq.kz

Ит қауып алса, айыбы кімде?

24 қантар 2025, 10:54

Бұралқы иттерден қауіп қашан да бар. Былтыр елімізде жануарларды аулауға, уақытша ұстауға, залалсыздандыруға және екпе егу мен есепке алуға 2,8 млрд теңге бөлінген. Қазір республика бойынша оларды қысқа мерзімге қамауға арналған 116 орын бар. Оның 74-і мемлекеттік, ал 42-сі жекеменшікте.

Дегенмен бұралқы иттерге қатысты мәселе ушығып тұр. Өткен жылдың өзінде 42 мың адамды ит қауып алған.
Адамды ит қапқан жағдайда, айыбын кім мойнына алады? Заңгер Бердімұрат Хасенұлынан сұрап білдік.
“Егер денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген болса, онда Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 407-1 бабында көрсетілген жауапкершіліктер қарастырылған. Онда егер серуендеу бойынша немесе үй жануарына қатысты оны ұстау бойынша қандайда бір заңбұзушылық анықталған болса, ит егесінің кінәсі дәлелденсе, онда жеке тұлғаларға қатысты 10 АЕК есебінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК, заңды тұлғалар 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған,”- дейді маман.
Ал егер зардап шегуші ауыр жарақат алса, Қылмыстық кодекстің 114 бабы бойынша іс қозғалады. Мұндай жағдайда иттің иесіне 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті бір жылға бас бостандығынан айрылу жазасы да қарастырылған.
Бұдан бөлек, заңгердің айтуынша, егер абайсызда өлімге әкеліп соқса, үш жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза ит иесіне қолданылады.
“Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңның 11 бабына сәйкес әрбір үй жануарв есепке алынуы тиіс. Тіпті иесі жоқ бұралқы иттердің өзін жергілікті ветеринарлық ұйымдар тізімге енгізуге міндетті. Қаңғыған ит біреуді қауып алса, сол орталық жауапты болады,”-дейді Бердімұрат Хасенұлы.
Жануарларды асыраған соң, өзгеге зиянын тигізбеуді қадағалау қажет. Маңғыстаудың Ақшұқыр ауылында 16 жастағы жасөпірімді алабай талап тастаған еді. Ал иесі 40 мың теңге айыппұл арқалады. Осы бір оқиғадан сабақ алып, оның қайталануына жол бермеу керек.

Олжас Әбдіхалық

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде