jasqazaq.kz

Ит қапса, иесі жазаға тартылуы мүмкін

21 қараша 2024, 16:18

Елімізде үй жануарларын серуендету тәртібін бұзған 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов айтып берді.

«Біздің басты мақсат – адам қауіпсіздігін қамту. Бұралқы иттер мәселесіне келсек, оған жауапты құзырлы және жергілікті атқарушы органдар бар, дегенмен заң аясында ішкі істер органдары бірлесіп жұмыс істейміз. Оның ішінде үй жануарларына жауапкершілікпен қарау және оларды серуендету тәртібі бағытында. Үй жануарларын серуендету тәртібін бұзған 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Осы орайда құзырлы органдардың назарына егер иесі серуендеу тәртібін қайта бұзған жағдайда үй жануарын мүлік секілді алып қою мәселесін ұсынғымыз келеді. Мысалы, иесі қоғамдық орында үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетіп жүреді, бұл қоғамдық орында адамдарға қауіп төндіруі мүмкін», — деді Әлішер Жармағамбетов дөңгелек үстел барысында.

Осылайша ІІМ өкілі үй жануарын серуендету тәртібін қайта-қайта бұзатын азаматтардан оны тәркілеуді ұсынып отыр. Одан әрі жануардың тағдырын құзырлы орган шешуі тиіс.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесіне қатысты, бізге қылмыстық жауапкершілік қарастыру жағы ұсынылды. Атап айтқанда, иесі бар ит біреуді қауып, денесіне залал келтірген жағдайда иесін қылмыстық жауапқа тарту туралы. Біз алдымен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз тиіс», — дейді ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі