Алматыда түнде 18 сәуірде Сәтбаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Екі жолаушы отырған Mazda Xedos жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен Mercedes жүк көлігіне барып соғысқан. Салдарынан фургон арық жаққа қарай ұшып кетіп, жеңіл көліктің тас-талқаны шыққан.

Mazda көлігінің алдыңғы орындығында отырған жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, жапон көлігінің жүргізушісі де зардап шеккен. Тағы бір жолаушы ауруханаға барудан бас тартты. Кейінірек жастардың Бәйтерек ауылындағы (бұрынғы Новая Алексеевка) тойдан келе жатқан белгілі болды.

Бұл туралы «Территория происшествий» бағдарламасына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады .
Олар тойдан кейін үйлеріне қайтып бара жатқан. Жолаушылардың бірі олардың алдына кенеттен бір көліктің тоқтағанын және сондықтан олар оңға бұрылып, Mercedes көлігімен соғысып қалғанын айтты. Сондай-ақ, жол апаты кезінде жүргізуші мен жолаушылардың бірінің мас екені белгілі болды. Үшінші жолаушы да мас болған делінеді.
