jasqazaq.kz

Қисайған үйді сатпақшы

12 шiлде 2016, 23:09

c1a9804bfff8adca0f6564afb140a510_XL

Алғабастағы апатты деп танылған 9 қабатты үй ақыры бұзылмайтын болды. Оны «Астана құрылыс» компаниясы өз меншігіне алып, қайта қалпына келтірмекші. Яғни қисайған қабырғаны түзетіп, қайта саудаға шығарады. Ал далада қалған 72 отбасыға дәл сондай 9 қабатты үй салынып жатыр. Оны құрылысшылар тәуелсіздік күніне тарту етеміз деп сендіруде.
Қабырғасы қисайып, құлаудың алдында тұрса да бұл үй бұзылмайды. «Астана құрылыс» компаниясы оны өз меншігіне алып, апатты нысанның кемшіліктерін толық жоямыз деп отыр. Себебі 32 сантиметрге ауытқыған нысан анау айтқандай қауіпті емес — дейді құрылысшылар.

Мейіржан Досанов, «Астана құрылыс» компаниясының бөлім басшысы:

-Қисайған үйлер болады. Жердің қыртысына байланысты. Шымкентте қисайған 16 қабатты үйді «ГидроСпецСтрой» деген компания түзеген. Мынау 32 сантиметр деген түк емес орнына қойылады.

Сондықтан қазір құрылыс компаниясы 72 пәтерлі баспананы бұрынғы тұрғындарынан қабылдап алып жатыр. Әзірге 42 отбасы жүктерін жинап, пәтерлерін толық босатып берген. Қалған отызы көшіп болғасын, қабырғаны қалпына келтіру жұмыстары басталмақшы. Тек содан кейін ғана 9 қабатты нысан сатылымға шығарылады. Тіпті апатты үйден пәтер алуға құрылысшылардың өздері де үмітті екен.

Мейіржан Досанов, «Астана құрылыс» компаниясының бөлім басшысы:

— «Астана Құрылыстың» жеке меншігіне өтеді. Оны жоғарғы жақ шешеді. Сатамыз да, өзіміздің құрылысшыларға да береміз. Өзімізде ойлап жүрміз сол жерден бір пәтер алсақ деп.

Баспаналы болуды армандаған құрылысшылар 72 отбасыға арнап жаңа үй салуға да кірісіп кетті. Қазір 9 қабатты нысанның шұңқыры қазылып жатыр. Осылайша жұмысшылар бас аяғы екі жарым айда қабырғасын құйып бітіреміз дейді. Ары қарай әрлеу жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында жаңа баспана пайдалануға берілмекші.

Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Астана құрылыс» компаниясы 9 қабатты үйді жарты жылдың ішінде салып бітіреміз деп отыр. Ол үшін құрылысшылар да еш демалыссыз күндіз-түні екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр екен. Cондықтан далада қалған 72 отбасы ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа баспанаға кіріп, қоныс тойын тойлауы әбден мүмкін.

КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде