jasqazaq.kz

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

17 тамыз 2016, 2:29

1dab9d09d5146b64a83edce42dd0bbce_resize_w_520_h_

Бүгін Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен 56 келідегі ирландиялық боксшы Майкл Конлон ширек финалда төрешілердің шешімен ресейлік Владимир Никитиннен ұтылып қалды. Бірақ бұл шешімге 2015 жылғы әлем чемпионы келіскен жоқ. Кездесуден кейін төрешілердің сатылып кеткенін айтып сұхбат берді. Өзінің твиттердегі парақшасында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге: «АИБА-ға қанша ақша төледің? деп сауал тастады.

«Мені енді Олимпиада ойындарынан көрмейсіздер. Жалпы, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) өткізетін турнирлерге қатыспауға кеңес беремін. Олар жемқорлар. Нағыз жемқорлар. Барлығы сатылып кеткен. Әуесқой бокс басынан бақайшағына дейін жемқорлыққа малынып кеткен. Ол жерде нағыз ұрылар отыр.Қандай жағдай болмасын мен өзімді жеңілдім деп санамаймын. Жеңімпаз ретінде қала беремін. Тек бүгін мен бұл ұйымның қаншалықты сатылып кеткенін барша әлемге көрсеттім», – дейді Конлан.

Конлон Лондон Олимпиадасында 52 келіде қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Дохадағы әлем чемпионатында 56 келіде әлем чемпионы атанған боксшы.

Кездесуден соң төрешілер отырған жерге барып, өзінің ренішін айтып кеткен боксшы кейіннен твиттердегі парақшасында Ресей президенті Владимир Путинге «АИБА-ға қанша ақша төледің? деп жазды.

e2943a34de597ab0fecb1e03899a7ac8

Ал Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк болса шәкіртің жеңілді деп санамайды.

«Бүгін Ресей құрамасынан Владимир Никитин мен Виталий Дунайцев жекпе-жектерін өткізді. Володия өткен кездесуде басы жарылған. Соған қарамастан ол нағыз жауынгер жігіт. Ел үшін, медаль үшін рингте өлуге дайын жігіт. Бізде бір алтын бар. Ол кездесуде екі раундта ұтып, үшіншісінде жеңілдік. Менде субъективті пікір қалыптасқан. Әр спортшым үшін жанкүйермін», -дейді Лебзяк.

be1c73407deba8e151258c9f0bea96b5

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде