jasqazaq.kz

Ірі халықаралық банк банкроттың алдында тұр

13 мамыр 2017, 16:03

Әзербайжанның халықаралық банкі банкроттың сәл-ақ алдында тұр. Аталған қаржы ұйымы елдегі валюта тапшылығы салдарынан сыртқы қарызын төлей алмай отыр.

Енді, банк басшылығы кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды шетелік бұқаралық ақпарат құралдары.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 мамырда Әзербайжанның халықаралық банкі өзінің негізгі қарызы мен несиенің мөлшерлемесін өтеу үшін 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі төлемді өткізді. Қарыздың тағы бір бөлігін Әзербайжанның құнды қағаздарына айырбастау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, шетелдік валютамен берілген несиені қайта құрылымдау мәселесі міндетті түрде қаралатын болады. Оған кредиторлардың қолдауы қажет. Себебі қарыздың жартысынан көбі — кредиторлардың ақшасы.

«Төлемдерді тоқтату туралы шешімнің өкінішті жағдай екенін түсінеміз. Қазіргі кезде Әзербайжанның халықаралық банкінің жұмысын қалпына келтіру үшін шұғыл шараларды қолға алу қажет» — делінген банктің ресми хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде