jasqazaq.kz

Иранның бұрынғы президенті қазір мал бағып жүр (фото)

16 қараша 2016, 21:52

Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад өзінің қарапайымдылығымен тағы да көзге түсті. Президенттік қызметтен кеткен ол бүгінде мал бағып жүр.

yk
NUR.KZ хабарлағандай, АҚШ-тың FoxNews телеарнасы президенттен: «Сіз таңертең айнаға қараған кезде өзіңізге не айтасыз?» деп сұрақ қойды. «Мен айнадан адамды көремін де оған: «Есте сақта, сен қарапайым ғана қызметшіден артық емессің» деймін», — деп жауап берген.

Ахмадинежад президент бола тұра жұмысына автобуспен баратын. Ал оның әйелі медреседе еден жуушы болып жұмыс істеді.

yafvua
Махмұд Ахмадинежад президент кабинетіне алғаш рет кірген бойда қымбат ирандық кілемді Тегерандағы мешіттердің біріне беріп, оның орнына арзан кілем жайып қойған.

Ол президент болған кезде өзінің мүлкі туралы декларация тапсырған. Оның 1977 жылғы үлгідегі Пежо 504 автокөлігі мен Тегеранның кедей аудандарында 40 жыл бұрын салынған ескі үйі бар екені анықталды.

vpr
Президенттің күн сайын жұмысқа алып ұстап келетін портфелі де көпшілікті қызықтыратын. Оның сөмкесінде әйелі дайындап берген бірнеше бутерброд пен зәйтүн майы және ірімшік қосылған нан жүретін.

ug
Ол өзі тұратын аудандағы аула сыпырушыларға жиі көмектеседі.

Ол қымбат қонақүйлерге тоқтаған кездерінде үлкен кереуеті бар бөлме бермеуін талап ететін. Өйткені, ол диванда ұйықтағанды ұнатпайды. Бұрынғы президентке жерге көрпе жайып ұйықтаған ыңғайлы екен.

snimok
Ол ел басқарған кезінде министрлердің барлығына ортақ талап қоятын. Яғни, шенділер кедей болуы тиіс. Тіпті, олардың туыстарының де есепшоты тексерілетін.

Ол президентке тиесілі жалақыдан да бас тартты. Ахмадинежад бұл қадамын барлық байлық халқына тиесілі деп есептеуімен түсіндірген.

Ол университетте лекция оқығаны үшін алатын 250 долларлық жалақыға күн көреді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде