jasqazaq.kz

Иран санкцияға үнсіз қалмайды

04 ақпан 2017, 11:18

Иран АҚШ енгізген жаңа санкцияларға жауап ретінде  заңдық шектеулер орнатады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шектеулер «аймақтық террористік топтарға көмек көрсететін америкалық жеке тұлғалар мен ұйымдарға қатысты болмақ». Еске сала кетсек, жұма күні АҚШ Тегеранмен байланыстағы 13 жеке тұлға мен 12 ұйымға қатысты санкциялар енгізді. Бұған дейін Иран зымырандық сынақ жүргізген еді. — Жаңа санкциялар Иран мен «алтылық» арасындағы ядролық келісімді растайтын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына және АҚШ міндеттемелеріне қайшы келеді, — деді Иран сыртқы істер министрі. Оның айтуынша, Тегеран Иранның мемлекеттік мүдделеріне бағытталған АҚШ-тың кез келген әрекетіне лайықты түрде жауап қайтаратын болады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде