jasqazaq.kz

Иран президенті Қазақстанға келеді

19 желтоқсан 2016, 17:06

Иран президенті Хасан Рухани өзінің жаңа аймақтық турнесі аясында Армения, Қаразақстан және Қырғызстанға келеді. Бұл туралы Pars Today порталы хабарлайды. «Иран президенті Хасан Рухани көршілес және аймақтық елдермен ынтымақтастықты тереңдетіп, байланысты нығайтуға бағытталған саясатты жалғастыру барысында сәрсенбі күні 21 желтоқсанда Армения президентінің арнайы шақыртуымен Ереванға барады», — деді жексенбі күні Мемлекеттік телерадио журналистерімен сұхбатында Иран ИР президент әкімшілігі, байланыс және ақпарат бөлімі басшысының орынбасары Парвиз Исмаили. Сонымен бірге, Парвиз Исмаили Руханидің Қазақстан елордасы — Астанаға баратынын, онда екі ел президенттерінің келіссөздерінен бөлек, жоғары лауазымды делегациялар отырысы мен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою, Иран президентінің баспасөз конференциясы болатынын атап өтті.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде