jasqazaq.kz

iPhone 7 шығатын күн белгілі болды

11 тамыз 2016, 15:51

photo_28377

Apple компаниясы жаңа iPhone 7 смартфонын 2016 жылдың 7 қыркүйегінде таныстырады, – деп хабарлайды Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жаңа смартфондар 16 қыркүйектен бастап сатылымға шығуы мүмкін. Сонымен қатар осы күні Apple компаниясының өкілдері жаңартылған дизайны мен пернетақтаның жоғарғы бөлігінде сенсорлық панелі бар Macbook Pro моделінің жаңа нұсқасын таныстырады. Алайда басылымдағылар бұл мәліметтерді теріске шығарып отыр. Олардың айтуынша, Аpple компаниясы жаңа ноутбуктарды басқа күні таныстырады.

Осыған дейін танымал блогер Эван Бласс iPhone 7 және 7 Plus гаджеттерінің шығатын мерзімін болжаған еді. Блогер Apple корпорациясы жаңа iPhone 12 қыркүйектен кейінгі бір аптаның ішінде шығаруы мүмкін деп болжаған. Кейін @evleaks жаңа iPhone сатылымға 16 қыркүйекте шығады деген болатын. Кейінірек Бласс мәліметтерді нақтылап, алдын ала тапсырыс берудің 9 қыркүйектен басталатынын айтты.

Айта кетейік, Apple компаниясы соңғы төрт iPhone өнімінің таныстырылымы мен сату науқанын кыркүйек айының ортасында ұйымдастырып жүр.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде