jasqazaq.kz

Инвесторлардың өзекті мәселелері қарастырылды

22 мамыр 2023, 11:28

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн форматта өткен жиында ауылшарушылығы, жеңіл өнеркәсібі, құрылыс салаларын дамытуға бағытталған 8 жоба талқыланды.

Инвесторлар синтетикалық тоқыма және мата өнімдері мен пластикалық ыдыстар шығару, сүт, талқан өнімдерін өндіру, ауылшаруашылығы тауарларын сақтауға қатысты жобаларын ұсынды. Сонымен қатар бизнес өкілдері жер телімін бөлу, жол, инфрақұрылым қажеттіліктері бойынша ұсыныстарын білдірді.

Кәсіпкерлердің талап-тілектерін назарға алған М.Дүйсенбекұлы инвесторларды жан-жақты қолдауға дайын екенін және туындаған өзекті мәселелер бойынша шұғыл шаралар қабылданатынын жеткізді. Сондай-ақ тиісті сала басшыларына қаладағы индустриалды аймақтарды кеңейту, инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалауды тапсырды.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6% құрады. 2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды. Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 2021 жылы жалпы құны 152,6 миллиард теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды. Жалпы 2023 жылы үшінші мегаполиске 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.

Мерей Әлімбек

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында