jasqazaq.kz

Инвестициялық жобаның игілігі мол

07 мамыр 2023, 11:36

Шымкент халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і өткен жылды қорытындылап, жеткен жетістіктері мен атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Мекеменің бас директоры Анарбек Орманның есебін көпқабатты тұрғын үйдің төрағалары, қала мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылығы тыңдады.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС – мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде қызмет көрсету нарығында 25 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Бүгінде мекеме қаладағы миллионнан астам халық пен Түркістан облысындағы Сайрам ауданын шаруашылық ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіп қана қоймай, сарқынды суларды толық тазарту қызметтерін де көрсетеді. Тазарған сулар ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады.

А.Орманның айтуынша, 2009 жылдан бастап Халықаралық қаржы ұйымы – Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінен (ЕҚДБ) инвестиция тартылғаннан кейін мекемеде су жүйелерін жаңғырту, қайта құру жұмыстары қарқын алған.

— ЕҚДБ-мен 2009 жылы 13 жыл мерзімге жылдық 5,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен жалпы сомасы 18,74 млрд теңгеге 6 келісім-шартқа қол қойылған. Қаржының 15,4 млрд теңгесін жаңа жобаларды жүзеге асыру жолында игерілді. Біздің кәсіпорын кредиттік талаптардың барлығын сапалы әрі өз уақытында орындап, қазір алған қаражаттың 13,2 млрд теңгесі қайтарылды. Сонымен қоса, ҚР Үкіметі, ЕҚДБ және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і арасындағы үш жақты шарт негізінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 4,6 млрд. теңге субсидия бөлді, — деді Анарбек Орман.
Мекеменің жалпы меншікті қоры 55,5 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 381 су арнасы, 4759 суды есепке алу жиынтығы, тұтынушыларға ауыз су жеткізіп отырған 1 929,6 шақырым су желісі, 463,1 шақырым кәріз жүйесі мен коллекторлар бар. Одан бөлек, тәулігіне 150 текше метр сарқынды суларды тазалайтын имарат пен сарқынды судан алынған тұнбаны қайта өңдеу арқылы биогаз негізінде жылына 3,5 млн кВт электр энергиясын өндіретін цех жұмыс істейді.

— Сарқынды судың қалдығынан биогаз өндіру жобасы Орта Азияда тек Қазақстанда, оның ішінде Шымкент қаласында ғана жүзеге асырылып жатыр. Осы бірегей жобаның нәтижесінде мекемеміз қолданып отырған электр энергияның 70 пайызын өзімізде, яғни биогаздан өндіріп жатырмыз. Табысты жобаларды жүзеге асырудың арқасында инвестиция тарту ісі қарқынды жүруде. 2022 жылдың өзінде мекемеге 2,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл қаржы 6 бағыт негізінде жұмсалып, көзделген меже толығымен орындалды. Атап айтқанда, 87,4 млн теңгеге 11 су қабылдау мен сорғы ғимараты салынып, 168,9 млн теңгесіне 16 нысанның құрылысы жүргізілді. Сондай-ақ, 1,3 млрд теңге 28 653 шақырым су құбырының құрылысына, 163,7 млн теңгесіне 4 628 шақырым кәріз желісі, 376,6 млн теңгесі кәріз жүйесін тазарту мен жаңғырту үшін 10 нысан салуға жұмсалса, заманауи технологияларды енгізуге 292 млн теңге жұмсалды,-деді Анарбек Оңғарұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата