jasqazaq.kz

ІІМ: Интернеттегі ұлттық алауыздық пен сепаратизмді қоздырғаны үшін жыл басынан бері 6 қылмыстық іс қозғалды

17 сәуiр 2024, 15:08

Интернет кеңістігі мен коммуникациялық ресурстардың (әлеуметтік желілер, чат-рулетка, мессенджерлер) дамуына байланысты біздің азаматтарымыз онлайн-әңгімелесу барысында (оның ішінде шетелдік пайдаланушылармен) қазақстандық заңнаманың талаптарын бұзған жағдайлар туындайды.

Атап айтқанда, азаматтардың ұлттық, нәсілдік және діни сезімдерін қозғайтын сепаратистік, экстремистік сипаттағы мәлімдемелерге жол беріледі.

Осы орайда ішкі істер министрлігі көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық шаралары көзделгенін ескертеді.
Мәселен, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін (ҚР ҚК 174-бабы) 2 мыңнан 7 мың АЕК (7 млн. теңгеден 26 млн теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген сол мерзім.

Сепаратистік қызмет (ҚР ҚК 180-бабы) 1 мыңнан 5 мың АЕК (3,5 млн.теңгеден 18,5 млн. теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салуға не 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жылдың басынан бастап Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында 12 бейнеролик анықталды, онда шетелдік пайдаланушылар қазақстандықтарды ұлттық алауыздық пен сепаратизмнің тұтану белгілері бар мәлімдемелерге итермелейді.
6 факті бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Тағы 6 факт бойынша қатысушылармен қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын түсіндірумен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

ІІМ азаматтарды ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғушылардың сөздерін болдырмау бөлігінде ҚР заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі