jasqazaq.kz

Интернетте балаға кибербуллинг жасағандардың үстінен шағым беру ережесі бекітілді

20 қантар 2025, 14:42

Ғаламторда балаларға қарсы жасалатын кибербуллинг туралы арыз-шағымды қарастыру ережесі бекітілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Бұйрыққа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойды.

Балаға кибербуллинг жасалғаны туралы шағымды ата-анасы немесе заңды өкілі уәкілетті органның атына жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен электрондық құжат түрінде қалдыра алады.
Сараптама тобы өтінішті үш жұмыс күні ішінде қарайды. Өтінішті дұрыс қарау үшін маңызды ақпаратты талап етуге байланысты 15 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Балаға қатысты кибербуллинг расталған жағдайда уәкілетті орган сараптама тобының шешімі негізінде бұқаралық ақпарат құралдарынан немесе онлайн-платформалардан ақпаратты жою жөнінде нұсқама жібереді.
Мәдениет және ақпарат министрінің аталған бұйрығы 28 қаңтар күні күшіне енеді.

JQ-Aqparat

Фото: shutterstock.com

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі