Астана тұрғыны желіде қойған лайктары үшін күйеуімен ажырасып жатыр.

Күйеуі әйелінің құрбысының желідегі суреттеріне көп лайк қойған, деп хабарлайды Экспресс К.«Енді кімге лайк қойса да, өзі біледі. Ең алғаш менің Айдана есімді сыныптас қызыма лайк қойғанын көріп қалып сұрағанымда, ол мұның кездейсоқ болғанын болғанын айтты. Бірақ оның барлық суреттеріне лайк қойғаны белгілі болды. Мен одан силиконды ерінмен түскен қыздың парақшасын біржола құлыптап тастауын сұрадым. Ол менің айтқанымды істеді. Маған себепсіз гүл сыйлап, назар аудара бастады. Бірақ тағы бір ай өткен соң мен оның Айданаға жазған пікірін оқып қалдым.
Динара отбасылық психологқа жолығып мән-жайды сұраған. Психолог мұндайды опасыздыққа жатқызбау керектігін айтқан. Бірақ, Динара мұны опасыздыққа жатқызатынын, оның жазасы ажырасу екенін айтты.

WhatsApp: +7 705 717 9113



