jasqazaq.kz

«Иннопром. Қазақстан»: Жаңа кезеңнің өнеркәсіптік стратегиялары

25 қыркүйек 2023, 14:19

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары 25-27 қыркүйекте Астанада өтіп жатқан «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің экспозициясымен танысты.
Аталған іс-шараны алғаш рет өткізіп отырған еліміз 2019 жылдан бері «Иннопромның» тұрақты қатысушысы болып келеді. Өткен жылы көрменің серіктес елі ретінде өз өнімдерін ұсынды. Көрменің негізгі мақсаты – өндірістік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және өзара тәжірибе алмасу.


Қазақстандық «Иннопромның» тақырыбы – жаңа кезеңнің өнеркәсіптік стратегиялары. Елордадағы EXPO орталығының алаңында ұйымдастырылған көрмеге ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысуда. Келушілер назарына металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен фармацевтика салаларындағы өнімдердің кең ассортименті ұсынылған.


Премьер-Министрідң баспасөз қызметі жазғандай, көрмені аралау барысында Әлихан Смайылов, Роман Головченко, Ақылбек Жапаров және Михаил Мишустинге «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ» компаниясының, Railways System KZ теміржол машина жасау кәсіпорындары қауымдастығының, қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасы, автомобильдер, мұнай-газ, тау-кен және медициналық техника, электротехника, бақылау-өлшеу аспаптары, арнайы жұмыс киімдері, тыңайтқыштар т.б. өндірушілерінің стендтері таныстырылды. Сонымен қатар үкіметтер басшылары назарына виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып, өнеркәсіптік ІТ әзірлемелер, ақпараттық жүйелер мен цифрлық өнімдер ұсынылды.


Еліміз ЕАЭО серіктестерімен бірлесіп, өнеркәсіп саласында 38 бірлескен жобаны жүзеге асырған. Бұл ретте кооперацияның негізгі басымдықтары терең өңдеу, барынша оқшаулау, жаңа өнім шығару және экспорттық әлеует болды. Сонымен қатар тағы 80 жобаны іске асыру жұмыстары пысықталып жатыр. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған елдің өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және терең өңделген кластерлер құруға ден қою жөніндегі тапсырмалары тұрғысынан айрықша маңызға ие.


Жалпы соңғы 5 жылда отандық өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2,2 есеге – 2017 жылғы 9,4 трлн теңгеден 2022 жылы 20,7 трлн теңгеге дейін өсті.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры