jasqazaq.kz

Индира Расылхан: Коуч Роза әйелдерді бұзып жатыр

18 қантар 2024, 15:05

Әнші Индира Расылхан әлеуметтік желіге коуч Роза Әшірбаеваның айтқан сөздерін сынап, әйелдерді бұзып жатқаны туралы пікір білдірді.

«Қыздар, өзімнің ойымды білдіргім келіп тұр. Бүгін Роза коучтың парақшасын қарадым. Айтары бар деп ойлаймын. Дегенмен, көбінесе біздің әйел адамдардың мықты болып кеткенін айту керек. Әйелдерге нәзік, әлсіз екенін айту керек сияқты. Қыздардың бәрі мен күштімін деп кетті. Жақында бір досым Розаны тыңдап, әйелім үйден кетіп қалды дейді. Сол талай қазақ қыздарына кесір болып жатыр дейді. Ол ер адамға не дәлелдеймін? Олар бұған дейін ажырасқысы келді, бірақ Роза себеп болды. Еркектердің көбісі Розаны айыптап, әйелдерді бұзып жатыр деп айтып жатыр, – дейді әнші Индира Расылхан.

Әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға қатысты кеңес беріп жүрген коуч әншінің сөзін желіде жариялап, мәселенің анық-қанығын баяндады.

«Нәзік, жұмсақ Салтанат Нүкеновадан ата-анасы, бауыры айырылып қалды. Күйеуі оны бағалаған жоқ. Статистика бойынша Қазақстанда жылына 400 әйел күйеуінің қолынан, соғысқа бармай, үйінде өледі. Күніне бір әйел сүйген жарының соққысынан жан тапсырады деген сөз. Дәл қазір сіз әйел нәзіктігі туралы әңгіме айтып тұрғанда бір нәзік жан күйеуінен таяқ жеп жанталасып жатқан болуы мүмкін… Ал оған басқалар шыда, сен әйелсің, сен нәзік болу керексің деп ақыл айтады… Еркектер құтырған иттей әйелді жан-жақтан талап, оның жаны мен тәнін қинауды норма көретін қоғамда әйелге нәзік болу қауіпті…Еркектер мені “ажырастырдың” деп кінәласа, олардың әйелдері маған жанымды құтқардың деп алғыс айтады», – дейді Роза Әшірбаева.

Оның айтуынша, ол ешқандай әйелге ажырас деп кеңес бермеген.

«Әйел расында қорған болып отырған еркектен кетпейді. Кетсе езгідей езіп, қол көтеретін еркектен кетеді. Ажырасудың себебі мен емес, әйелін адам құрлы көрмеген еркекте. Еркектер ажырасудың аз болуын қаласа әйелге мейірімді болсын, әйелді сүйсін. Мен ешкімге ажырас деп үгіттемеймін, мен әйелге өзіңді қорға деп ақыл айтамын. Қазіргі заманда әйелдің қорғаны мен қауіпсіздігі еркегі емес, оның білімі, ақшасы мен мықтылығы. Солай болуына өкінішке орай еркек кінәлі! Бұл менің ойдан тапқан фантазтиям емес, еркектен қорлық көрген әйелдердің шындығы», – дейді коуч Роза Әшірбаева.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде