jasqazaq.kz

Индира Расылхан: Ел назарына жиі ілігіп сүйкімімді кетіргім келмейді

01 қантар 2017, 16:44

 

Танымал әнші Индира Расылхан сұхбат барысында Астанада ашқан жеке кәсібінің жай-жапсарын және эфирден жиі көрінбеуінің басты себебін ашып айтты.

Индира ханым,  жеке кәсібіңізді дөңгелете алып жүрсіз бе, өнер студияңыздың аяқ алысы қалай?

Қазіргі таңда сол музыкалық мектебімнің шаруаларымен жүрмін. Біраз күнде жайдары жаз бітіп,  жаңа оқу жылы басталады. Қыркүйекке қызу дайындық жасап жатырмыз.

Мектепке қабылданған өрендерді қандай өнерге баулисыздар?

Мектепте эстрадалық вокал, сахна тілі, актерлік шеберлік, түрлі музыкалық аспаптарда ойнауға үйретеді. Алла қаласа, балалардың қатысуымен қысқаметражды ойын-сауық, танымдық фильм дайындап жатырмыз. Мектеп табалдырығын аттаған оқушы үш жыл білім алады. Мектепті тәмамдаған соң, арнайы куәлік беріледі.

Өнер студиясын ашудағы мақсатыңыз қандай?

Қазіргі эстрадада қазақилық жоғалып бара жатыр. Қаншама өңдеуден өткен соң, қазақша әніміз шетелдің шуылдағынан еш айырмасы болмай қалды. Мақсатым – эстрадамызда қазақ әндерін орындаудағы қазақилық сарынды қайта  жандандыру. Бар ойым – жанып тұрған баланың өнерін өшірмей, одан әрі жетілдіріп, бір жерді тесіп шығатындай етіп дайындау.

Шәкірттеріңіз көп пе?

Төрт айдың ішінде 50 бала жинадық. Оның ішінде 20 бала актерлік шеберлік, 30 бала эстрадалық  вокалдан дәріс алады.

Енді, шығармашылығыңызға қарай ойыссақ. Өзіңізден көптен бері жаңа ән тыңдамадық…

Негізі мен – сахнаға сағындыртып шығатын әншімін.  Қайта-қайта шығып, жұртты мезі еткім келмейді. Тіпті, инстаграмға сурет салардан бұрын “қайта-қайта сурет салып кетті” деп сөгетін адамдардың бар екенін ескеріп отырамын. Ұялатын әдетім бар. Тартқыншақтап қаламын. “Түһ, осы да бір, андамын-мындамын деп суреттерін сала берді ау” деген пікірлердің астында қалмасам деймін. Сол принципке сай эфирден де көрінбей біраз жүрдім. Қазір кім эфирден көп шықса, сол танымал, сол жақсы әнші болып тұрған заман. Шығармашылығыма мән беріп жатырмын. Алла қаласа, жаңа бір әнім дайын. Ал, жазылмаған әндерім қаншама. Мен үшін дәл қазіргі уақытта өнер мектебімнің жұмысын бір жүйеге келтіріп алу маңызды болып отыр. Тек содан кейін, шығармашылығыма білек сыбана кірісемін.

Репертуарыңызды жаңа бағыттағы әндермен толықтыруға қалай қарайсыз?

Өзімнің орындау мәнерімнен алыс кетпеуге тырысамын. Бірақ кей кезде “жаңа бір стильдегі ән айтсам қалай болар екен” деген ойлар туындайтыны рас. Бірақ бойыңдағы қазақи мәнерден алыс кете алмайды екенсің. Әнді заманауи аранжировкамен ұсынсақ та, орындалу стилі қазақи болып қалуы керек. Қазақ эстрадасына жаңа лепті артымыздан еріп келе жатқан жастар әкеледі. Ал мен қатарлас әншілер осы ұстанған бағыттан алшақ кетпегеніміз дұрыс.

Солай делік, бірақ, жұрттың көңілі жастарға ауып, тыңдарманыңызды жоғалтып алам деп қорықпайсыз ба?

Жо-жоқ, одан қорықпаймын. Өйткені жастарды тыңдайтын – өз қатарластары. Ал менің әндерімнің тыңдарманы, көбінше, үлкен кісілер ғой. Бәрібір, үлкендер бұрынғы біздің орындауымызды аңсап отырады. Бұрынғы ескі әнді қайта жаңартып айтатын болсақ және ол халықтың көңілінен шығып жатса одан асқан бақыт жоқ.

 

juldizdar.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде