
Халықаралық ауқымдағы отбасылық кикілжің Алматыда орын алды. Ата-анасы қазақстандық пен француз азаматы ортақ баласына таласуда. Алты жасар София Лекривэннің әкесінің айтуынша, анасы қызын заңсыз азаматтығынан айырып елге алып кеткен. КТК арнасы хабарлағандай, осыған дейін екі ата-ананың арасында бірнеше рет сот процесі болған. Соттың шешімімен француз азаматы әкелігін мойындаған.
Антуан Лекривэн мен Индира Ілиясованың қызы 2010 жылы өмірге келген. Содан бері бүлдіршіннің ата-анасының қарым-қатынасы дұрыс болмаған.
Шетелдік әке алимент төлемеу үшін тіпті сотқа да арызданыпты. Енді ортақ қыздары алтыға толғанда дау әрі қарай өрши түсуде. Өйткені екі ата-ана бір- бірін кінәлап отыр. Софияның анасының айтуынша, әкесі қызын заңсыз азаматтығынан айырып, шетелге алып кеткен. Қалайда қызын қайтарып алуды көздеген ана құзырлы органдарға шағым түсіріп, тіпті қорғаушының көмегіне жүгінуде.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=7&v=e-xSzyJffKU