jasqazaq.kz

Иманғали Тасмағамбетов: Халық үшін тәуелсіз ел болу — мың бақыт

15 желтоқсан 2016, 16:45

Елдің бірлігі мен бүгінгі бейбіт тірлігі ұлы құндылық. Бүгін елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов осылай мәлім етті. «Иә, адам үшін алаңсыз өмір бір бақыт болса, халық үшін тәуелсіз болу — мың бақыт! Ал «бақыт» дегеніміз орындалған ақ арман.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ашығын айту керек. Бұл жолғы бақ — біздің маңдайымызға бұрын-соңды қонбаған бақ. Оған осынау сайын даламыздың көзі, әз аталарымыздың сөзі, ақбас тарихтың өзі куә. Өз алдына ел боламын деген халқымыздың сонау Түркі қағанатынан жалғасқан 15 ғасырлық тамыры, 1500 жылдық ғұмыры куә», — деп атап өтті И. Тасмағамбетов. Ол VI ғасырдағы Көк түркілер заманынан бері Ұлы Далада ізі қалған қағанаттар мен хандықтарды 128 қаған мен хан билегенін айта келе, олардың ешқайсысы елінің шекарасын шегелей алмағанын айтты. «Мұндай дәуірлі ой мен дүбірлі істердің түбінде бір ғана бөлек дүние — әрбір қазақ күні-түні қаперінен шығармай, іштей тәубе ететін, Елбасымыз әр сөзінен тастамай, айтып жүретін ұлы құндылық жатыр. Ол — елдің амандығы. Бірлігі мен бүгінгі бейбіт тірлігі. Берекесі мен ырысы», — деп сөзін жалғады вице-премьер. Осы орайда, Иманғали Тасмағамбетов кешегі кеңестік жүйе қирап, бауырлас елдеріміздің басына түскен қиын замандардан мысал келтірді. «Ферғана мен Ош ұлтаралық қақтығыстарының нәтижесі — 1500 өлім, 10 мың мүгедек, 35 мың босқын; Абхаз-грузин соғысы — 9 мың өлім, 10 мың мүгедек, 300 мың босқын; Қарабақ соғысы — 30 мың өлім, 150 мың мүгедек, 1 миллион босқын; Тәжікстандағы азаматтық соғыс — 60 мың өлім, 280 мың мүгедек, 1,5 миллион босқын.Бұл жәй ғана сандар емес. Татулықтың тамырын, ынтымақтың ырысын, бейбітшіліктің қадірін білетін тағдырлар», — деді ол.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі