jasqazaq.kz

Илья Ильин Токиодағы Олимпиада ойындарында бақ сынауы мүмкін

07 маусым 2017, 11:08

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің қайта тұғырға оралуы мүмкін дейді. Одан бөлек, бапкер Vesti.kz сайтына берген сұқбатында Зульфия Чиншанлоның Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімі бойынша Зульфия спорттан екі жылға шеттетілген еді. Жаза мерзімі 2016 жылдың 26 мамырдан басталады. Жазаның аяқталу мерзімі 2018 жылдың 10 маусымы. Ал Ильиннің жағдайына байланысты нақаты шешім шығарылған жоқ.

«Мен әлі күнге дейін Чиншанломен сөйлесіп тұрамын. Үнемі байланыстамын. Жаза туралы шешім шығарылғанға дейін біз Зульфиямен кездесіп, Токио Олимпиадасы туралы сөйлестік. Сол кезде ол егер Олимпиадаға қатысатын кішкентай мүмкіндік болса, сол мүмкіндікті пайдаланатынын айтты. Енді жаза мерзімі нақты белгілі болғаннан кейін ол спортқа қайта оралады.

Илья Ильин туралы айтатын болсақ, оның жағдайы әлі белгісіз болып тұр. Егер Ильяда да мүмкіндік болатын болса, онда ол да пайдаланары анықтық.

Ильинге қатысты әлі нақты шешім шығарылған жоқ. Мен оның ісіне байланысты отырыстың қашан болатынын да білмеймін. Бұл сауалмен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы айналысып жатыр. Егер Ильинді де екі жылға шеттететін болса, ол да Токиодағы Олимпиадаға қатысады деп ойлаймын», — дейді Ни.

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоны екі жылға спорттан шеттетсе, Светлана Подобедованы сегіз жылға спорттан аластатқан еді. Жаза Лондондағы Олимпиада ойындарының допинг сынамасы тексеріліп, теріс нәтиже берілгеннен кейін, яғни 2016 жылдың 26 мамырында шықты.

Илья Ильин де осы допинг мәселесіне байланысты спорттан шеттетілді. Бірақ, оның нақты қанша мергімге шеттетілгені туралы нақты шешім шықпады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде