jasqazaq.kz

Илон Маск зағип жандарға үміт сыйлады

22 наурыз 2024, 1:36

Адамның алып қиялын ақиқатқа айналдырып жүрген Илон Маск тағы бір таңғажайып жаңалық ашылғанын жария етті. Оның айтуынша, Neuralink нейротехнологиялық компаниясы зағип жандарға жарық дүниені көруге мүмкіндік беретін Blindsight (сөнген жанар) имплантын жасап жатыр.
Көлемі  шақадай (монета) бұл құрылғыны алдымен маймылдарға салып, тәжірибеден өткізген. Маск Х (бұрынғы Твиттер) парақшасында жазғандай, бастапқыда көру қабілеті әлсіз болғанымен, біртіндеп жақсарады.
Компания күні кеше миына чип салынған адамның шахмат ойнағанын көрсетті. 29 жастағы Нолан Арбо есімді азамат 8 жыл бұрын апаттан соң иығынан төменгі жағы сал болып қалған.  Енді компьютердің курсорымен шахмат тастарын қозғалта алатынын айтты.
Neuralink биыл қаңтардың аяғына таман тұңғыш рет адам миына чип орналастырғанын хабарлаған еді.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі