jasqazaq.kz

Ильин: Зілтемірді қайта көтеріп жүргеніме қуаныштымын! (видео)

12 наурыз 2017, 9:04

Интернет желісіне қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильиннің жаттығуға қайта оралған видеолары орналастырылуда, онда спортшы салмағы 210 келіге дейінгі зілтемірлерді бағындыруда. «Бүгін достарыммен бірге тамаша жаттығу-семинар өтті. 6 сағаттық жұмыс және қызықты өткен уақыт! Барлығы өздерінің ең жақсы нәтижелерін көрсетті! Зілтемірді қайта көтеріп жүргеніме өте қуаныштымын! Достар, жемісті еңбегіміз үшін рахмет!», — деп жазды Илья Ильин Инстаграмдағы өзінің парақшасына. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2008 және 2012 жылдарғы олимпиадалық медальдарынан айырылған отандық спортшыға жанкүйерлері қызу қолдау білдіріп, тілек-ниеттерін жеткізуде. Олар Ильиннің үлкен спортқа қайта оралып, Токиодағы Ойындарға қатысатынына үміт білдіруде. Бұған дейін хабарланғандай, Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша отандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Бұдан кейін Илья Ильин спорттық мансабын аяқтайтынын мәлім етті.

 

https://www.instagram.com/p/BRgoDrHheCB/?taken-by=ilyailyin_official

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде