jasqazaq.kz

«Іле-Балқаш» және Алтын Емел» резерватына 67 құлан әкелінді

12 қазан 2024, 0:24

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жақсы жаңалығы бар: «Іле-Балқаш» және «Алтын Дала» резерватына құланды қайта жерсіндіру (реинтродукция) жұмысы сәтті аяқталды.
28-30 қыркүйек аралығында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен «Іле-Балқаш» және «Алтын дала»резерваттарына құландарды жерсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құлан елімізде 1930 жылдары шамадан тыс аңшылық және үй жануарларымен жайылым үшін талас нәтижесінде жойылып кеткен. Оның популяциясын қалпына келтіру үшін бірнеше кезеңнен тұратын көпжылдық реинтродукциялау жобасы жүзеге асырылды. 1953-1961 жылдар аралығында 14 құлан Бадхыз қорығынан (Түрікменстан) Барсакелмес аралына жеткізілген. Аралдағы саны 200-ге жеткенде, келесі кезең, яғни құландарды басқа аумақтарға жерсіндіру басталды. Сөйтіп құландар 1982 жылы «Алтын-Емел» ұлттық паркіне реинтродукцияланды.
Бүгінде елімізде осы түрдің екі үлкен популяциясы бар. Жануарлар «Барсакелмес» резерваты және «Алтын-Емел» ұлттық паркінде мекендейді. «Алтын-Емелдегі» құлан саны 3965-ке жеткен. Құландардың тұрақты өсімі оларды басқа тарихи мекендеріне қайтаруға мүмкіндік береді. Оларды жерсіндіру жұмыстары Тұран жолбарысының мекендеу орнын қалпына келтіру және Орталық Қазақстанның (тарихи мекендері) далалық өңірлеріндегі құлан популяцияларын қалпына келтіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Биыл 67 құланды ұстап, 43-і «Іле-Балқаш» резерватына, 24-і «Алтын дала» резерватына жеткізілген. Алғаш рет осы жануарларды ұзақ уақыт жер үсті тасымалдау әдісі қолданылып, құландар 5 2139 шақырымды 50 сағатта жүріп өтті.
Құланды жерсіндіру жұмысының сәтті өтуі– Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, оның қарамағындағы мекемелер («Алтын-Емел» ұлттық паркі, «Охотзоопром» ӨБ) және БҰҰ даму бағдарламасы мен Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясымен (АСБК)біріккен жұмыс нәтижесінде орындалды.
«Алтын-Емел» ұлттық паркінен «Иле-Балқаш» және «Алтын дала» резерваттарына құландарды реинтродукциялау – еліміздің биоәртүрлілігін сақтау және қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың негізгі қадамдарының бірі.
JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі