jasqazaq.kz

ІІМ: Жол апатынан қаза тапқан балалар саны артып барады

06 қараша 2023, 12:19


10 айда елімізде жол апатынан қаза тапқан балалардың саны 14 пайызға артты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты.

«Өкінішке қарай, халықпен жыл сайынғы ағарту жұмыстарын жүргізуге қарамастан балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін бір проблемаға – жол-көлік оқиғаларына тап боламыз. Осы жылдың 10 айында жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан балалардың саны 14, ал зардап шеккен балалардың саны 3 пайызға артып отыр. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалғаны жаяу жүргіншілер. Көп жағдайда балалар ересектердің тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін зардап шегеді. Себебі олар автоорындықтар, бустерлер және адаптерлер сияқты балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдаланбайды. Балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек», — деді Ақтоты Боранова министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, баланың жолдағы мінез-құлқы көбінесе ата-анасының мінез-құлқына байланысты. Сондықтан егер ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, оларды өздері сақтаса, бұл мінез-құлық бала үшін нормаға айналады.

«Жаяу жүргіншілер кінәлі болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту және бағдаршамның тыйым салу сигналына өту», — деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі